Перизат Қайраттың қымбат мүліктері аукционға қойылатын болды

Жаңалықтар
view 75
news

Фотосурет: baq.kz коллажы

Су тасқыны кезінде халықтан жинаған ақшаны талан-таражға салды деген айыппен сотталған Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Сонымен, Перизат Қайраттың элиталы пәтерлері, қымбат көліктері мен бренд әшекей бұйымдары ашық саудаланады. Одан түскен қаражат есебінен зардап шегушілердің шығыны өтеледі.

Еске сала кетсек, осы істі қарау кезінде 47 адам жәбірленуші деп танылған болатын. Ал сот үдерісі кезінде Перизат Қайрат атаған адамдарға қатысты іс жүргізілмейді. Себебі қор қаражатын жымқырған басқа ешкім анықталмаған.

Бұл туралы бүгін Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлім етті.

Тергеу барысында қор қаржысын жымқырған өзге тұлғалар анықталған жоқ. Сот үкіміне сәйкес, сот орындаушылары оның мүлкін аукционға шығарып сатады. Сол қаражат есебінен зардап шегушілердің шығыны өтеледі, - деді ол журналистерге.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *