Ақмола облысында әскери колледждің студенті суицид жасады

Жаңалықтар
view 59
news

14 ақпанда Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің 1-курс студенті тәуліктік кезекшілік қызметі кезінде өзіне оқ атып, суицид жасаған деп хабарлайды, - janabastau.kz.

«13 ақпанда Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжде 1-курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, мерт болды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесінде.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді. Аталмыш колледж – қарулы күштер құрамына кәсіби сержанттарды дайындайтын негізгі орталық.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *