Кадет корпусындағы курсанттың өлімі туралы тың дерек шықты

Жаңалықтар
view 66
news

Қайғылы оқиға  жөнінде тың деректер пайда болды. Ақмола облысындағы Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусында оқыған курсанттың өлімі бойынша оқу орны басшылығы әлімжетік фактісін жоққа шығарды, - деп хабарлайды janabastau.kz. Оқу орнының мәліметінше, қайтыс болған жігіт 17 жастағы курсанттардан жасы әлдеқайда үлкен. Әрі бірінші курс курсанттарымен арада кикілжің де болмаған. Сол себепті әлімжетік болу мүмкіндігін түбегейлі түрде жоққа шығарып отыр. Екінші ықтимал Қызға таластан өзін-өзі өлтіру мүмкіндігін де жоққа шығарды. Өйткені марқұм болған курсанттың қызы болмаған. Айта кетейік оқиға жөнінде пікір білдірген Қорғаныс министрлігі оқиғаның себептері анықталып жатқанын жеткізді.

- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы  арнықталып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді.  Қорғаныс министрілігінің басшылығы мен әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады, - делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқу орнында  комиссия жұмыс істеп жатыр. Тергеуден кейін белгілі болады. Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға кеше Щучинск қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусының 1-курс студенті  тәуліктік кезекшілік қызметі кезінде өзіне оқ атып, суицид жасаған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *