”12 миллион”: Актриса Ақерке Арыс кинодан түсетін табысы туралы жасырмады
Сурет: Ашық дереккөзден

Ақерке Арыстың 12 миллион теңгелік гонорары жұрттың сынына ұшырады
Танымал театр және кино актрисасы Ақерке Арыс 7 күндік түсірілім үшін 12 миллион теңге гонорар алғанын мәлімдеп, әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы актриса “Кешrec” бағдарламасына берген сұхбатында айтып, бір уақытта бірнеше табыс көзінен ақша табатынын жасырмады.

“Бір актерға аз болып көрінуі, бір актерға көп болып көрінуі мүмкін. Ең жоғары алған гонорарым — 12 миллион теңге. 7-8 күнге өте жақсы табыс деп ойлаймын. Бұдан бөлек Instagram арқылы да жұмыс істеймін. Съемкадан бос уақытта парақшам арқылы табыс табамын. Былтыр киноға көп энергиямды жұмсағым келмейтін. Биыл комедия жанрындағы рөлдерімнен кейін ұсыныстар көбейді. Қазір “бос емеспін” деп айтуға мәжбүр болып жүрмін,” — деді ол.
Актрисаның бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында түрлі реакция тудырды. Көпшілік салық мәселесін көтеріп, өнер адамдарының кірісі қалай бақыланатынына алаңдаушылық білдірді.
Пікірлер (0)