12 жасар қызды топтасып зорлады деп айыпталғандарға үкім шықты: Жәбірленушінің анасы сотталушыларды ақтауды сұрайды
Сурет: ғаламтордан
Оралда бес адамға қатысты топтық зорлау және көлік ұрлау фактілері бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Janabastau.kz.
Алайда 12 жастағы жәбірленуші қыздың анасы сотталушыларды ақтауды сұрады. Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі соты көлік ұрлап, 12 жасар қызды зорлады деп айыпталған бес адамға қатысты үкім шығарды.
Сот 2023 жылдың 23 мамырында сотталушылардың бірі "Лада" автокөлігін заңсыз иемденгенін анықтады. Бір аптадан кейін ол Hyundai автокөлігін есігін бұзып, көліктің ішіндегі ақшаны ұрлап, иесіне 1 миллион теңгеден астам шығын келтірген. 10 маусым күні тағы екі айыпталушы Фольксваген көлігіне кіріп, көлік ішінен ұялы телефоны ұрлап кеткен. Келесі күні айыпталушы топ кәмелетке толмаған қызды зорлаған.
"Сотталушылардың кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау, беттестіру хаттамалары, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде кәмелетке толмағандардан жауап алу хаттамаларымен дәлелденді", – деді сот.
Алайда сотталушылар өз кінәларын мойындамады. Сот басты айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Тағы екеуі 7, 6 жыл жаза алды. Тағы екеуі 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін Оралда 16-17 жас аралығындағы төрт жасөспірім мен 20 жастағы жігітке қатысты сот процесі өтіп жатқаны хабарланған болатын. Олар 12 жасар қызды зорлады деген айыппен, бір жылға жуық уақыт бұрын ұсталған еді.
Прокурор күдіктілердің кінәсі дәлелденгенін айтты. Алайда жәбірленуші деп танылған 12 жастағы қыздың анасы сотталушылардың ақтауды сұрады. Ол қызының өтірік айтқанын, зорланбағанын айтады.
Пікірлер (0)