Қазақстан экономикасында 9,4 млн адам еңбек етеді

Жаңалықтар
view 15
news

Фото

2026 жылдың II тоқсанында жүргізілген халықты жұмыспен қамту бойынша іріктемелі зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,4 млн адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 7,3 млн адам жалдамалы жұмыс істесе, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарында, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі stat.gov.kz сілтеме жасап. 

Жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі сауда саласына тиесілі – 16,8%. Одан кейін білім беру – 13,3%, өнеркәсіп – 12,4%, ауыл шаруашылығы – 10,5%, көлік және қоймалау – 7,1%, құрылыс – 6,8%, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 6,6% салалары орналасқан.

2025 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда бірқатар салаларда жұмыспен қамтылғандар саны артты. Ең жоғары өсім жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласында тіркелді – 37 мың адам. Білім беру саласында жұмыспен қамтылғандар саны 31,1 мың адамға, денсаулық сақтау саласында 21,2 мың адамға өсті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *