Қазақстанда әскери реформаның негізгі бағыттары таныстырылды

Жаңалықтар
view 42
news

Фото: Ақорда

Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева отырыс барысында әскери реформаның негізгі ережелерін таныстырды. Жоспар әскер жасақтаудың халықаралық тәжірибесін, заманауи ұрыс жүргізу тәсілдерін және отандық мамандардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленген.

Құжат мемлекеттің әскери жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын қайта қарау, басқару және қорғанысты жоспарлау тетіктерін жетілдіру, Ұшқышсыз жүйелер күштерін құру және армияның негізгі компоненттерін нығайту көзделген.

Реформаның маңызды бағыттарының бірі – мерзімді әскери қызметтің екі кезеңдік жүйесіне көшу. Алғашқы алты айда сарбаздар оқу орталықтарында даярлықтан өтсе, келесі алты айда әскери бөлімдерде қызмет атқарып, жауынгерлік даярлыққа басымдық беріледі.

Сонымен қатар әскери қызметшілердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылады. Әскери консультанттар мен Әскери қызметшілер істері жөніндегі уәкіл институттарын құру, әскери тәртіпті нығайту және жарғыға қайшы әрекеттердің алдын алу жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, «Адал азамат» тұжырымдамасы негізінде «Жас айбын» бірыңғай әскери-патриоттық даярлық жүйесін дамыту, мамандандырылған әскери мектептер желісін кеңейту және бастапқы әскери даярлықты жетілдіру көзделген.

 Реформаның басты мақсаты – кәсіби даярлығы жоғары, заманауи технологияларды меңгерген және әскери тәртібі берік армия қалыптастыру.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *