26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Жаңалықтар
67
Сурет: Ашық дереккөзден
26 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылып, қолайсыз метеожағдайлар күтіледі. Еліміздің бірнеше облысында екпінді жел, найзағай, тұман және бұршақ болады. Сонымен қатар 10-нан астам өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы
- Солтүстігінде шаңды дауыл.
- Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15–20 м/с.
- Төтенше өрт қаупі сақталады.
- Шымкент пен Түркістан қалаларында да жағдай осындай.
Маңғыстау облысы
- Батысы мен солтүстігінде найзағай.
- Жел 15–20 м/с дейін.
- Ақтауда күндіз найзағай күтіледі.
- Оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.
Атырау облысы
- Батысы мен оңтүстігінде тұман.
- Жел бағытын оңтүстік-батыстан солтүстікке ауыстырады, екпіні 15–20 м/с.
- Өңірдің көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
- Атырау қаласында түнде және таңертең тұман.
Қызылорда облысы
- Төтенше өрт қаупі бар.
Жетісу облысы
- Таулы аудандарында тұман.
- Шығысында жел 15–28 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысы
- Оңтүстігі мен тауларда найзағай, түнде тұман.
- Жел 15–28 м/с дейін.
- Өңірдің батысы, солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары.
- Таразда күндіз найзағай күтіледі.
Ақтөбе облысы
- Көп бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысы
- Шығысында тұман, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Алматы облысы
- Солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы
- Батысы мен солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл.
- Түнде тұман.
- Жел 15–20 м/с.
- Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
- Қостанайда күндіз найзағай.
Солтүстік Қазақстан облысы
- Батысы мен солтүстігінде тұман.
- Жел 15–20 м/с.
- Петропавлда түнде және таңертең тұман.
Абай облысы
- Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
- Солтүстігінде тұман, шығысында 1°С үсік.
- Жел 15–20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
- Батысы, солтүстігі және оңтүстігінде найзағай.
- Жел 15–20 м/с.
- Көп бөлігінде өрт қаупі сақталады.
- Оралда түнде найзағай.
Ақмола облысы
- Жел оңтүстіктен, күндіз батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с.
Павлодар облысы
- Шығысында өрт қаупі жоғары.
Пікірлер (0)