Ақмола облысында дроппер мен лудоманияға қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Жаңалықтар
view 44
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті халықтын қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында тұрақты түрде превентивтік жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

«Заң және тәртіп» жобасын іске асыру аясында Ақмола облысы бойынша ЭТТД жедел уәкілі А.Б. Таниев Көкшетау қаласындағы «Бурабай» колледжінің студенттеріне дәріс өткізді.

Кездесу барысында қаржылық сауаттылық, дроппер және лудоманияға қатысты өзекті мәселелер қаралып, азаматтарды күмәнді ұйымдардың қызметіне тартудан сақтандыру жолдары түсіндірілді. Студенттерге қаржылық пирамидалардың белгілері, олардың жұмыс істеу тетіктері және ықтимал теріс салдарлардан қорғану тәсілдері жан-жақты баяндалды.

Аталған іс-шаралар жастардың қаржылық шешімдерге жауапкершілікпен қарауын, сыни ойлау қабілетін дамытуды және құқықтық мәдениетін нығайтуды көздейді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *