Мемлекет басшысы Мұрат Нұртілеуді жаңа қызметке тағайындады
Жаңалықтар
91
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Мұрат Нұртілеудің еңбек жолы:
- 1998 ж. – ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташе
- 1999–2003 жж. – ҚР Малайзиядағы Елшілігінің атташесі
- 2003–2004 жж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы
- 2004–2006 жж. – ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі
- 2007 ж. – ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы
- 2007–2011 жж. – ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары, кейін Аппарат басшысы
- 2011 ж. – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі
- 2011 ж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры
- 2011–2014 жж. – ҚР-ның Женевадағы тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл
- 2014–2016 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары
- 2016–2019 жж. – ҚР-ның Финляндиядағы, сонымен бірге Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
- 2019–2021 жж. – ҚР Президентінің көмекшісі
- 2021–2022 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
- 2022 ж. – ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары
- 2022–2023 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы
- 2023 ж. сәуір – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі
- 2024 ж. ақпан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі
Пікірлер (0)