32 миллион: Семейде аяусыз соққыға жығылған балаға қазақ халқы пәтер сыйлады
Жаңалықтар
137
Сурет: видеодан кадр
Семейде сыныптастарынан аяусыз таяқ жеген балаға қазақстандықтар пәтер алып берді, деп хабарлайды janabastau.kz Alash.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы блогер Аида Жүнісова мәлімдеді. 3 күннің ішінде Алинұрға 32 миллион теңге жиналды.
Блогер пәтер тауып, кілтін табыстады.
Ақпаратқа сенсек, соққыға жығылған бала қазір оңалып келе жатыр. Қазір оқушыда қоғамға жаңадан бейімделу процесі өтіп жатыр.
Пікірлер (0)