Түркістан облысында мүгедек жігітті зорлаған туыстары елдің жағасын ұстатты

Жаңалықтар
view 186
news

Фото: freepik

Түркістан облысында 6 ер адам мүгедек жігітті зорлаған. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Не молчи» қоры әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Екі күн бұрын жігіттің туыстары қоғамдық қорға  жүгінген. Мүгелек жігіт - 24 жаста. Оның ақыл есі шамамен 3-4 жастағы баламен бағаланған. Ол санауды білмейді, күн мен уақытты ажырата алмайды, сәби сияқты ойлайды. Ал жігіттің отбасы Шымкенттен екі сағаттық жерде тұрады екен.

«Не молчи» қорының мәліметінше, жігіт болған жағдайды анасына айтқан. Себебі жігітте қатты ауырсыну болған. Жігіттің айтуынша, оны 5 жігіт бірнеше уақыттан бері зорлап келген. Оның төртеуі ересек адам болса, екеуі әлі кәмелетке толмаған балалар екен.

Бұл сұмдық жағдай туралы бүкіл ауыл есітиді. Содан кейін жігітті зорлағандар айыптарын бірден мойындап, кешірім сұраған. Ең масқарасы жігітті зорлағандардың төртеуі оның туыстары болып шықты.  Жағдайды естігеннен кейін, мүгедек жігіттің әкесі зорлаушыларды «балғамен өлтіремін» деп шу шығарыпты.

«Біз осындай зорлық оқиғалардағы бірінші рет әділ ата-ананы көрдік» деп жазды қоғамдық қор. 

Кейін анасы арыз жазған. Өтініш алдымен қабылданбаған. Полиция жігіттің анасына бұқаралық ақпарат құралдарымен сөйлеспеу және таратпау туралы айтып, айыппұлмен қорқытқан. Енді «Не молчи» қоры бүкіл жауапты адамдардың бұл істі майшаммен қарауын талап етіп отыр. Әрі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевадан бүкіл отбасына толық қолдау көрсетуін сұрады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *