5 айлық зағип қызға деп халықтан 15 млн жинаған: Ілияс Сәриев туралы тағы да тың дерек шықты
видеодан скриншот
Журналист Руслан Өтепбай «Қазақтың Робин Гуды» атанған, «Елге көмек» қайырымдылық қорын ұйымдастырған Ілияс Сариевтің тағы бір алаяқтық әрекеті туралы айтты. Ол бұған дейін де журналист ерікті жайлы көп ақпаратты жариялаған еді.
Оның айтуынша, Ілияс зағип қызы бар анаға көмек беремін деп алдап, халықтан көмек жиған. Алайда, жиналған қаржының тек 3 миллионын ғана аударған екен.
“Екі көзі зағип 5 айлық қызға Ілияс 2024 жылы сбор ашады. Мақсаты халықтан 15 миллион теңге жинап, науқасты ота жасау үшін Түркияға жіберу. Ілияс ата-анаға "ақша жиналды, Түркияға бара беріңіздер", - дейді. Алайда Сариев мұқтаж отбасының қолына қаражат бермейді. Десе де Раушан ханым немересін алып, Түркияға өз ақшасына аттанады. Тек бесінші күні ғана блогер 3 миллион теңге аударып жібереді. Толық соманы төлей алмаған соң, Раушан ханым ақыр соңында немересіне қажетті ем ала алмай елге қайтқан”, – деді журналист.
Пікірлер (0)