5 градусқа дейін аяз болып, қар жауады

Жаңалықтар
view 142
news

Синоптиктер Қазақстанда 10-12 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады. Метеорологтар мәліметінше, алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады) түседі, оңтүстікте жаңбыр жауады, жел күшейеді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

"Батыс өңірлердегі ауа температурасы түнде 5 аяз - 7 жылыға дейін, күндіз 5-18 жылыға дейін, солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта түнде 5 аяз - 5 жылыға дейін, күндіз 5-13 жылыға дейін төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *