50 жасқа толған азаматқа қонақ әйел іш киім мен шұлықтан жасалған шапан жапты
Жаңалықтар
227
Сурет: Ашық дереккөзден
Мерейлі жасқа толған ел ағасына 50 іш киім мен 50 шұлық тарту етілді. Ер адам іш киім мен шұлықтан жасалған шапан пен букетті алып, мәз болды, деп хабарлайды janabastau.kz Todayinfo.kz-ке сілтеме жасап.
Видео әлеуметтік желіде тарады. Сыйлық берген әйел адам той иесіне бұрын берген уәдесін орындағанын айтады. Ол 50 шұлықтан шапан жасап, 50 іш киімнен екі букет жасап сыйлаған.
Бұл желі қолданушыларын ашуландырған.
«Дардай адамдар, ұят жоқ, ми жоқ», «ақымақ, мынау не», «мәдениеттен жұрдай болған қазағым-ай», «деңгейлерің төмен болды-ау, жалаңбұт жүр ме еді, не деген ұятсыздық, төмендету», деп жазды көпшілік.
Пікірлер (0)