Блогерді TikTok-тағы тікелей эфир кезінде атып өлтірді

Жаңалықтар
view 74
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Мексикада 23 жастағы Валерия Маркес есімді блогер сұлулық салонында тікелей эфирде отырған сәтте атып өлтірілді, деп хабарлайды janabastau.kz Azattyq Rýhy -на сілтеме жасап.

CNN арнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға Мексиканың Сапопан қаласында болған. Бьюти-блогер Валерия Маркес өзінің TikTok парақшасында тікелей эфир жүргізіп отырған кезде сұлулық салонына белгісіз біреу кіріп келген.

«Валерия жазылушыларына сәлем жолдап отырған. Сол кезде бейтаныс адам кішігірім сәлемдеме алып келгендей болып есік қағыпты», – делінген шетелдік басылым мәліметінде.

Сәлемдемені алған соң, ер адам блогерге бірнеше мәрте оқ атқан. Эфир қылмыскер блогердің телефонын қолына алған кезде бір-ақ үзілген. Кадрдан оның жүзі анық көрініп үлгерген.

Халиско штатының прокуратурасы бұл оқиғаны гендерлік зорлық-зомбылық негізінде жасалған деп отыр. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, күдіктінің кім екені анықталуда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *