+5+15 градус: Жаңа жылда күн күрт жылынады
Жаңалықтар
121
Фото: Sputnik
«Қазгидромет» 2025 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, суық циклонның артынан оңтүстіктен келетін жылы циклон келеді. 30 және 31 желтоқсан күндері Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады.
30 желтоқсан күні еліміздің солтүстігі мен орталығында, ал, 30-31 желтоқсан күндері шығыста күн райы -2 градусқа дейін жылынады. Республиканың оңтүстігінде бұл күндері күн +5+15 градус жылы болады, - деп хабарлайды «Қазгидромет».
Пікірлер (0)