«Адам мұқтаждығын Алладан сұраса»: Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын ақтарды

Жаңалықтар
view 251
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты жаңалығын жеткізді, – деп хабарлайды JANABASTAU.KZ. 

Актриса адам мұқтаждығын өзгеден емес, Алладан сұраса, Алла оның абыройын асырып, жоқ нәрсесін түгелдеп қояды. Әрине, ниеті таза, жүрегі түзу болса, бәрі өз орнына, өз ретімен келетінін атап өтті.

«Ол жайлы білмесем де, менің ағзам қабылдап, өз процесін атқарып жатқанын сезбедім. Әрине, сол сәтте сезбеу – заңдылық. Өйткені басыма біраз мәселе үйір болған кезең еді. Оған халық куә болды. Одан бөлек, көпшілік білмейтін жеке мәселелерім де тағы бар... Әбден әбігерге түстім. Ішім алай-дүлей...Сол сәтте жатырыма жайғасқан бір түйір тамшы, өз уақытында, өз несібесімен келіпті. Құрсағымдағы соғып тұрған кішкентай ғана жүрекшем барлық түйінді шешіп жіберді деп айтсам, асылық айтқаным болмас. Өйткені өмірімде үлкен өзгерістер бастау алып, мен күтпеген, мүлдем ойламаған таңғажайып жайттар орындалды. Құдды бір киноның сценарийі тәрізді. Бұл – Жаратқанның маған берген ең ғажайып сыйы. Бергенінен берері мол дегенді мен сонда ғана түсіндім. Адам мұқтаждығын өзгеден емес, Алладан сұраса, Алла оның абыройын асырып, жоқ нәрсесін түгелдеп қояды екен. Әрине, ниеті таза, жүрегі түзу болса, бәрі өз орнына, өз ретімен келеді екен», - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Актриса қуанышымен құттықтап жатқан көпшілікке алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *