Құрбан айттың бірінші күні 35 мыңға жуық отбасыға ет таратылды – Діни басқарма

Жаңалықтар
view 77
news

Сурет: ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айттың бірінші күні 34 771 отбасыға ет таратты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Мүфтияттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 797 мал құрбандыққа шалынған

Биыл да ҚМДБ құрбан шалуды дәстүрлі түрде және QURBAN.MUFTYAT.KZ сайты арқылы онлайн форматта ұйымдастырып отыр.

«6 маусым – Құрбан айттың алғашқы күні еліміз бойынша жалпы саны 20 797 мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде 997 өтініш онлайн форматта қабылданған. Мал түрлері бойынша: қой – 18876, ешкі – 970, ірі қара – 944, түйе – 16», - деп жазылған хабарламада.

Құрбандық еті республика көлемінде 34 771 мұқтаж отбасы мен 210 әлеуметтік мекемеге үлестірілді.

Айта кетері, онлайн құрбан шалуға тапсырыстар Qurban.muftyat.kz сайты арқылы маусым айының 8-і күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *