Нұрлан имам құран оқу кезінде құрбандыққа шалынатын қойдан айырылып қалған

Жаңалықтар
view 118
news

Видеодан кадр

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы қызықты оқиғасын бөлісті, деп хабарлады  Janabastau.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша құрбандық малы көз алдында қашып кеткен.

«Қай саланың адамы екенін айтпай-ақ қояйын, бір қызметтегі кісі қой құрбандыққа шалатын болды. Көзімді жұмып, дұға оқып жатыр едім. Бір кезде мені түртті, неге түртіп жатыр екен деп ойладым да, жалғастыра бердім. Тағы түртіп, «қой кетті!» деді. Көзімді ашсам, қой қашып бара жатыр», - деп күлді Нұрлан Байжігітұлы.

Бәрі жабылса да қойды ұстай алмаған.

«Бастыққа жағымпазданып, бәріміз қойды іздедік. Ол бір семіз қой екен, ұстатқызбады. Содан басымды шауып алса да айтайын деп, «бұл малды өз ақшаңызға алдыңыз ба, «левый» ақша емес пе еді?» деп сұрадым. Жо-жоқ, айлығымнан алып едім деп жауап берді», - дейді ол.

Нұрлан имамның айтуынша байлар қашып кеткен малдың орнына басқа малды шалуға міндетті.

«Енді қызығы, бұл нәрсе кітапта бар екен. Егер соятын мал қашып кетсе, яки өліп қалса, бай адам болса қой алсын дейді. Нақты солай жазылған. Егер бай адам болмай, бар ақшасына алған болса, онда құрбан шалған болып есептеледі екен», - деп түйіндеді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *