«Қазақ қыздарының жезөкшеден айырмасы жоқ»: Ер адам хиджап кимейтіндерді қорлады (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 307
news

Фото: Pixabay

Желіде ер адам хиджаб кимейтін қазақ қыздарын жезөкшеге теңеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпараттық агенттігі Skifnews.kz порталына сілтеп. 

Ол қазақ қыздарын киім киісіне қарай бөліп, оранған қыздарды мақтап, басқаларын балағаттады. 

Ол көшеде кетіп бара жатқан орамалдағы қыздарды артынан видеоға түсіріп, баға берген. 

«Міне қараңдаршы, екі әп-әдемі қуыршақ секілді. Қыздарыңызды осылай киіндіру керек. Қазір қалай киіндіресіңдер, қазір қазақ қыздарының жезөкшеден айырмашылығы жоқ. Шаштары жалбыраған, тырнақтарын өсіріп алған»,- деп балағаттады ол. 

Желі қолданушылары видеоның авторын сөгіп тастады, тіпті оған құқық қорғау органдарының назар аударуын сұрады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *