Агенттік 2 теңгелік скотчты 99 мыңға «сатқан» жемқорлықты анықтады
Фотосурет: sadcv-vlad.ru
Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік сатып алуларда қарапайым скотчтің бір қаптамасы 99 мың теңгеге дейін сатылғанын жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың айтуынша, бюджеттік қаражатты мақсатсыз жұмсау мен бағаны жасанды көтеру арқылы қара нарыққа жол ашылған.

Қарапайым орау скотчының бағасы 2 теңгеден 99 мың теңгеге дейін өзгеріп отырады. Айырмашылық шамамен 50 мың есеге жетеді. Бұл орташа бағаны жасанды көтеру үшін жасалады, – деді Қайрат Бижанов.
Агенттік тергеушілері мұндай мыңдаған жағдайға тап болып, жалпы бюджеттік қаражаттың 4 миллиард теңгеге дейін заңсыз жұмсалғанын анықтаған. Сонымен қатар кейбір тауар техникалық талаптарға сай емес болып шықты.
Қаржы мониторингі мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ашық етуге, бюджеттік қаражатты бақылауды күшейтуге уәде берді.
Пікірлер (0)