Дәрігерлерге 700 млрд теңге берешек министр аймаққа жарты млн теңгенің туфлиімен шықты

Жаңалықтар
view 223
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Желіде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қымбат туфлиі мен Lexus көлігі қызу талқыға түсіп, сынға ұшырады. Жұрт оның тек ақылы емханалардың жағдайын көруге барғанын айтып шағымданып отыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасап.

Желі қолданушысы министрдің қымбат өмірін халыққа ашығынан көрсеткенін сынады. Айтуынша, бұл бірінші рет емес.

Құрметті отандастар, депутаттар, бұқаралық ақпарат құралдары! Бұл «цирк» пен қарапайым халықты ашығынан мазақ ету қашан тоқтайды? Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елге емес, кімге қызметші екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бірінші жолы ол Ұлытау ауруханасына Lexus-пен келсе, екіншісінде бағасы 1000 еуродан (510 мың теңгеден) асатын Valentino Garavani туфлиімен шықты. Осы туфли туралы пікір жазған соң, Денсаулық сақтау министрлігі менің аккаунтымды бұғаттап тастады. Бұл жағдай назардан тыс қалмайды деп үміттенемін, – деді ол.

Үкіметтегі брифингте Ақмарал Әлназаровадан өзінің неге жеке меншік клиникаға барғаны және жағдайы мүшкіл мемлекеттік ауруханаларға бас сұқпағаны сұралды. Министрдің айтуынша, видеороликті жеке медициналық мекеме – «Қазақмыс» медициналық орталығы түсірген.

Бұл – жоғары деңгейде жұмыс істеп тұрған аз ғана медициналық мекемелердің бірі. Мен тек осы клиникаға ғана емес, облыстық ауруханаға да бардым. Қазір ол жерде күрделі жөндеу жүріп жатыр. Сондай-ақ Ұлытау ауданына да жұмыс сапарымен шықтым», – деді сонда министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлерге 700 млрд теңге қарыз екенін жазған болатынбыз.

Пікірлер (1)

  • Нұрсұлу

    Министр қатындар өз еңбегімен осы орындарға отырмағаны белгклі, оларды халық сайлаған жоқ. Қарапайымдылықтан жұрдай Алназарова, Балаева сияқтылар тек киімдерін көрсету үшін елдің алдына шығатын сияқтя.

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *