ҚОСШЫДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕҢБЕК МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Қосшы жаңалықтары
view 30
news

фотосурет: жастар ресурстық орталығы

        Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылында жастардың еңбекке деген ынтасын арттыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 2026 жылғы еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін насихаттау және туған өлкенің көркеюіне жастардың белсенді қатысуына жағдай жасау.

Салтанатты жиында Қосшы қаласының әкімі Азамат Есімұлы сөз сөйлеп, жастарды жаңа еңбек маусымының басталуымен құттықтап, олардың ел дамуына қосып жүрген үлестерін жоғары бағалады. Сондай-ақ жастарға табысты еңбек, мол тәжірибе және жетістіктер тіледі.

Шараға Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Айнагүл Көңбайқызы мен AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Рақымжан Ешкебайұлы қатысып, жастарға ізгі лебіздерін білдірді.

«Жасыл ел» жобасы – жас ұрпақтың еңбекке деген жауапкершілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, қоршаған ортаны қорғау ісіне белсенді атсалысуына мүмкіндік беретін маңызды бастама. Жоба аясында жастар елді мекендерді көгалдандырып, абаттандырып және тазалық жұмыстарын жүргізіп, өңірдің көркеюіне өз үлестерін қосады.

Осылайша жастарды ортақ мақсатқа жұмылдырып, еңбек арқылы тәрбиелеуге бағытталған бұл жоба алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, ел дамуына қызмет ететін белсенді әрі жауапты азаматтарды қалыптастыруға ықпал етеді.

                                                                                                                                                                                                                                                                              

Лаура ТАРҒЫН,

ЖРО маманы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *