Жастарға әкенің атқарар рөлі түсіндірілді

Қосшы жаңалықтары
view 90
news

фотосурет: автордікі

Әкелер күніне орай, Қосшы қаласында «Отбасы саясаты мен гендерлік теңдікті дамыту» жобасы аясында «Алимент: әкелер жауапкершілігін арттыру» тақырыбында танымдық семинар өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда жауапты әкелік мәдениетін қалыптастыру, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін насихаттау және отбасы құндылықтарын дәріптеу. Семинарға Қосшы қаласының жастары, қоғам белсенділері мен тұрғындары қатысып, өзекті тақырыптар төңірегінде пікір алмасты.

Кездесуде жауапты әкелік, әкенің бала тәрбиесіндегі орны, отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ ажырасқаннан кейін де ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігі жан-жақты талқыланды. Сарапшылар алимент мәселесінің тек заңдық емес, алдымен адамгершілік және азаматтық жауапкершілік екеніне ерекше тоқталды.

Семинардың спикерлері – Астана қаласы Сарайшық ауданы Әкелер одағының төрағасы Шыңғысхан Қожахметов және марафоншы, «Толықадам» жобасының жетекшісі Ернат Рахметолла. Олар өз тәжірибелерін бөлісіп, отбасы институтын нығайту мен саналы әкеліктің қоғамдағы маңызы туралы мазмұнды ойларын ортаға салды.

Іс-шара соңында қатысушылар спикерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық диалог алаңында пікір алмасты.

 

Лаура ТАРҒЫН

ЖРО маманы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *