Қосшы қаласының 5 жылдығына орай кітап оқу байқауы өтеді
Фотосурет: дереккөз
Қосшы қаласының 5 жылдық мерейтойына орай кітапсүйер қауымға арналған «Оқы да оз!» атты кітап оқу байқауы ұйымдастырылады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасын жүзеге асыру аясында өтеді.
Байқау аясында қатысушылар республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша биыл оқуға ұсынылған Тағдыр шығармасы бойынша бақ сынайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты – кітап оқу мәдениетін насихаттау, ұлттық әдебиетті дәріптеу және оқырмандардың шығарманы тереңірек тануына мүмкіндік жасау.
Жеңімпаздар дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Өтінім беру және қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірі:
+7 778 699 01 19.
Өтетін күні: 24 шілде 2026 жыл
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Қоғамдық-мәдени спорт кешені
Ұйымдастырушылар тұрғындарды кітап оқуға және байқауға белсенді қатысуға шақырды.
Пікірлер (0)