«Жаңа Конституция құқық үстемдігін нығайтады»: Қосшы қаласы мәслихатының депутаты құттықтау жариялады
Фотосурет: дереккөз
Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Сәбит Дүкенбаев жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты отандастарын құттықтап, пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Ол Конституцияның мемлекеттің құқықтық іргетасы ғана емес, қоғам құндылықтары мен даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат екенін атап өтті.
«Конституция – мемлекеттің құқықтық іргетасы ғана емес, қоғамның құндылықтары мен даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Оның жаңаруы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін күшейтуге, сондай-ақ билік институттарының тиімділігі мен есептілігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді ол.
Сондай-ақ депутат кез келген конституциялық реформаның нәтижелі болуы жүйелі құқықтық саясатпен, сапалы заңнамалық қамтамасыз етумен және құқық қолдану тәжірибесінің бірізділігімен қатар жүруі қажет екенін айтты.
«Конституциялық нормалардың нақты өмірде іске асуы ғана реформалардың тиімділігін айқындайды. Жаңа Конституция құқық үстемдігін нығайтуға, қоғамдық сенімді арттыруға және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға берік негіз қалайды деп сенемін», – деді Сәбит Дүкенбаев.
Сөз соңында ол елге бейбітшілік, халыққа бірлік пен өркендеу, ал конституциялық реформаларға табыс тіледі.
Пікірлер (0)