Қазанғапов Ыбырай: Жаңа Конституция демократиялық институттардың дамуына серпін береді

Қосшы жаңалықтары
view 51
news

Фотосурет: дереккөз

Тәуелсіз медиатор Қазанғапов Ыбырай жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты құттықтауын жариялап, оның ел дамуы үшін маңызына тоқталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Ол Конституция мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, қоғамдық келісім мен тұрақты дамудың басты кепілі екенін атап өтті.

«Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, қоғамдық келісім мен тұрақты дамудың басты кепілі. Оның жаңаруы – уақыт талабына сай мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, құқық үстемдігі қағидатын күшейтуге бағытталған маңызды қадам», – деді ол.

Сондай-ақ Қазанғапов Ыбырай конституциялық реформалардың нәтижелілігі тек құжаттың мазмұнымен емес, оның нақты жүзеге асырылуымен бағаланатынын айтты.

«Жаңа конституциялық нормалардың тәжірибеде толыққанды орындалуы, мемлекеттік институттардың жауапкершілігі мен ашықтығын арттыруы, сот тәуелсіздігін, заң үстемдігін және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын қамтамасыз етуі ерекше маңызды», – деді тәуелсіз медиатор.

Оның сөзінше, жаңа Конституция қоғамдық сенімді арттырып, елдің орнықты дамуына, демократиялық институттардың жетілуіне және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді. Сөз соңында Қазанғапов Ыбырай баршаға амандық, бірлік пен тұрақтылық тілеп, жаңа конституциялық кезеңнің игілік әкелуіне сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *