Қосшы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы отандастарын маңызды күнмен құттықтады

Қосшы жаңалықтары
view 57
news

Фотосурет: дереккөз

Қосшы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рауан Қалиев Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуіне байланысты құттықтауын жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол 1 шілде – республикалық референдум нәтижесінде қабылданған Жаңа Конституцияның күшіне енген күні екенін атап өтіп, бұл тарихи кезеңнің ел дамуы үшін маңызын айтты.

«Бүгін, 1 шілде – республикалық референдум нәтижесінде қабылданған Жаңа Конституцияның заңды күшіне енген күні. Бұл – еліміздің тарихындағы маңызды белес, жаңа даму кезеңінің бастауы. Осы айтулы күнмен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!», – деді Рауан Қалиев.

Оның айтуынша, Жаңа Конституцияда адам капиталын дамытуға, білім, ғылым мен инновацияны қолдауға басымдық берілген. 

Сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық мәдениетті қолдау, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау секілді қағидаттар көрініс тапқан.

«Ендігі міндет – осы құндылықтарды құр сөзбен емес, нақты іспен жүзеге асыру. Бірлігімізді сақтап, адал еңбек етіп, елдің дамуына әрқайсымыз өз үлесімізді қоссақ, Қазақстанымыздың болашағы бұдан да жарқын боларына сенемін», – деді ол.

Сөз соңында Қоғамдық кеңес төрағасы ел тәуелсіздігі нығайып, халық бірлігі мен ынтымағы арта беруіне тілектестік білдірді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *