«Ата заң ел игілігіне айналсын»: Қосшы қаласы жастар орталығының басшысы үндеу жасады

Қосшы жаңалықтары
view 41
news

Фотосурет: дереккөз

Қосшы қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Мөлдір Маратқызы Дүйсембаева Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуіне байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол бұл күнді Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің бастауы ретінде бағалап, Ата заңның ел игілігіне қызмет етуіне тілектестік білдірді.

«Бүгін Жаңа Конституциямыз заңды күшіне енді. Қазақстан дамуының жаңа дәуірі құтты болсын, Ата заң ел игілігіне айналсын!», – деді ол. 

Сондай-ақ Мөлдір Дүйсембаеваның айтуынша, Конституция ел бірлігі мен тұтастығын нығайтып, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауға қызмет етуі тиіс.

«Әділет пен заң үстемдігі салтанат құрып, халқымыздың әл-ауқаты артып, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне берік негіз болсын. Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын, келешегі кемел болғай!», – деді орталық басшысы.

Сөз соңында ол әр шаңыраққа амандық, елге тыныштық пен жұртқа бақ-береке тіледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *