«Қайтадан жарқ етіп шығамын»: Жамбыл Дүйсенов ел алдына оралатынын айтты

Жаңалықтар
view 29
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде ақын Жамбыл Дүйсеновтің видеосы тарады. Онда ол шығармашылыққа қайта оралып, оқырманымен қайта қауышуға ниетті екенін жеткізген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Ақынның айтуынша, соңғы уақытта АҚШ-та болған. Сонымен қатар ол шетелге білім алу үшін бармағанын айтып, сапарының негізгі себебі туралы кейінірек бөлісетінін мәлімдеді. 

«Халқымды қайтадан қуантқым келеді. Халқының ықыласына бөленгім келеді. Халқының жүрегінен орын тапқым келеді. Халықтың ықыласына бөленсем, мен үшін одан асқан бақыт та, марапат та жоқ. Қайтадан жарқ етіп шығамын. Халқыма уәде беремін», – деді ақын. 

Сондай-ақ ол алдағы уақытта шығармашылық белсенділігін күшейтіп, жаңа өлеңдерін көпшілікке ұсынуды көздейтінін айтты.

Оның жоспарына телеэфирлерге қатысу да енген. Желіде жарияланған бұл жазбаға Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова да пікір қалдырып, ақынға қолдау білдірді.

«Бала Жамбыл, ақын Жамбыл деп халықты сүйсінткен еді. Енді үлкен азамат болып, басынан өткен қиындықтарды еңсеріп, жаңа өлеңдерін халыққа ұсынуына тілектеспін», – деп жазды әнші

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *