«Ата Заң ел бірлігі мен тұрақтылығының кепілі болғай» - Майгүл Қариғазықызы

Жаңалықтар
view 41
news

Фотосурет: дереккөз

Қосшы қалалық орталықтандырылған кітапханасының басшысы Қариғазықызы Майгүл Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуіне байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Ол бұл күнді Қазақстан дамуының жаңа кезеңіне бастар маңызды тарихи қадам ретінде бағалап, Ата Заңның елдің бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.

«Бүгін Жаңа Конституциямыз заңды күшіне енді. Бұл – Қазақстан дамуының жаңа кезеңіне бастар маңызды тарихи қадам. Ата Заңымыз ел бірлігі мен тұрақтылығының, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының берік кепілі болғай», – деді ол. 

Сондай-ақ Қариғазықызы Майгүл жаңа Конституцияның қабылдануы мемлекет жаңаруына, әділетті қоғам қалыптастыруға және ел болашағын нығайтуға бағытталған бастамалардың негізі болатынына сенім білдірді. 

«Қазақстан дамуының жаңа дәуірі құтты болсын! Ата Заңымыз әрдайым ел игілігіне қызмет етіп, халқымызға бақ-береке, ынтымақ пен өркендеу әкелсін! Еліміздің іргесі берік, мемлекетіміз нығая берсін!», – деді кітапхана басшысы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *