Елена Рыбакина Лондондағы турнирдің 1/4 финалына шықты
Жаңалықтар
41
Фотосурет: ҰОК
Әйелдер теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.
1/4 финал жолдамасы үшін өткен матчта қазақстандық теннисші Германия өкілі Татьяна Мариямен кездесті. Алғашқы сет қарсыласының еншісінде қалды. Алайда кейінгі екі сетте Рыбакина басымдық танытып, жеңіске жетті.
Қорытынды есеп – 6:7 (5:7), 7:5, 6:0. Енді Қазақстан құрамасының өкілі жартылай финалға шығу үшін Ұлыбритания теннисшісі Кэти Бултермен кездеседі.
Пікірлер (0)