Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерге 700 млрд теңге қарыз

Жаңалықтар
view 72
news

Фотосурет: azattyq-ruhy.kz коллажы

Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев ведомствоның елдегі медицина ұйымдарына қанша қарыз екенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір бұл сома 700 млрд теңгеден асып отыр. Бұл – республикалық бюджеттен жоспарланған және нақты түскен қаржы арасындағы айырмашылық. Бұл жағдай ұйымдардың жұмысына сындарлы әсер етіп отырған жоқ: қордың жинақталған активтері есебінен өтімділікті сақтап, төлемдерді іске асырып отырмыз. Сонымен қатар Қаржы министрлігімен бірлесіп, міндеттемелерді жабу үшін қажетті қаражатты жинақтап жатырмыз, – деді вице-министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, «қиын фискалдық жағдайға» және республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалмауына қарамастан, денсаулық сақтау жүйесіне қосымша қаржы бөлінген.

Тамыз және қыркүйек айларында 94 млрд теңге бағытталды. Жыл соңына дейін тағы шамамен 20 млрд теңге бөлінеді. Бұл қазан айында, нақтылау мен түзету шеңберінде іске асырады, – деді Ардақ Амангелдиев.

Оның айтуынша, 6 тамызда өңірлерден түскен өтінімдер қазір қараудың соңғы сатысында тұр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *