Қызылорда облысында оқушылардың бірі екіншісін пышақтап тастаған
Жаңалықтар
76
Фотосурет: 1tulatv.ru
Әлеуметтік желілерде Қызылорда облысында 15 жастағы жасөспірімнің пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Қазір кәмелетке толмағанға қасақана ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті – кәмелетке толмаған. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады ведомство.
Қылмыстық істің тергелуі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Пікірлер (0)