ШҚО-да әкім тұрғындарды сыбай боқтап тастады (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 258
news

Фотосурет: gov.kz

Әлеуметтік желілерде Зайсан ауданындағы ауыл әкімінің бейәдеп сөздер қолданған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ШҚО әкімдігі оқиғаға дереу назар аударып, ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етті. Материалдар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолданды. Онда қызметтік әдеп нормаларын бұзу мәселесі қаралады.

Кадрдан ауыл тұрғындарының әкімнің қабылдауына келіп, оның жұмысына қатысты сұрақтар қойғаны көрінеді. Әңгіме барысында тараптар арасында дау туындап, шенеунік өзін ұстай алмай, бейәдеп сөздер айтқан. Бейнежазбада полиция қызметкері де бар. Бір әйел полицейден «Неге әрекет етпей отырсыз?» деп сұрайды, бірақ жауап ала алмайды.

Облыс басшылығы мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін мәлімдеп, мемлекеттік қызметкерлердің этиканы сақтауы – басты талап екенін атап өтті. Этикалық нормаларды бұзған шенеуніктерге қатаң шара қолданылатыны ескертілді.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *