Иранда хиджабтан құтылған әйелдер «шешіне» бастады (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 638
news

Фотосурет: Stan.kz коллажы

Иранда ондаған жылдар бойы талқыланып келген хиджабты міндетті түрде кию талабы ресми түрде жойылды. Биліктің бұл шешімі әйелдердің еркіндігін білдіретін тарихи қадам ретінде қабылданып, ел көшелерінде хиджабсыз жүрген ирандық әйелдердің бейнежазбалары әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі «Свободный Иран» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, таяуда ғана Иран билігі хиджаб туралы заңға қатысты қатаң шараларды жеңілдетке еді. Содан кейін ел көшелерінде және қоғамдық орындарда әйелдердің еркін киім үлгісінде жүруі жиілеп кетті. Өйткені хиджаб кимеген әйелдерге енді ешқандай айыппұл, жаза немесе құқықтық шектеу қолданылмайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *