Путиннен көңілі қалған Трамп соғысты тоқтата алмайтынын айтты
Фотосурет: Getty Images
АҚШ президенті Дональд Трамп Канада премьер-министрі Марк Карнимен кездесуде Украинадағы жағдайды реттеу өз ойындағыдан әлдеқайда қиын болғанын мойындады, деп хабаралйды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі РБК-ға сілтеме жасап.
Айтуынша, бастапқыда ол Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуді оңай шаруа деп ойлаған. Алайда шын мәнінде бұл үдеріс өзі күткеннен әлдеқайда күрделі болып шыққан.

Мен мұны жеңіл реттеуге болады деп ойладым. Бірақ көріп отырмын, – бұл Таяу Шығыстағы жағдайдан да күрделірек екен, – деді Дональд Трамп.
Сондай-ақ ол Ресей президенті Владимир Путинмен жақсы қарым-қатынаста болғанын, бірақ қазір одан көңілі қалғанын атап өтті.
Басылым мәліметінше, Трамп бұған дейін бірнеше рет жеті соғысты тоқтатқанын мәлімдеген. Сондай-ақ ол бейбітшілік жолындағы еңбегі үшін Нобель сыйлығына Украина, Израиль, Пәкістан, Камбоджа, Габон, Руанда, Армения және Әзербайжан елдерінің тарапынан ұсынылған.
Пікірлер (0)