Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз көз жұмды

Жаңалықтар
view 149
news

Фотосурет: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз жанармай буынан уланып, қайтыс болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 6 қазанда «Үстірт» шекара бекетінде болған. Ресми мәліметке сәйкес, кешкі сағат 21:10 шамасында бөлімше бастығы, капитан Асу К. сарбаз Еркебұлан Сағындыққа дизель генераторының радиаторын жуу үшін бензин әкелуді тапсырған. Алайда сарбаз жанармай сақтайтын орында буға уланып, есінен танып қалған. Оны 10 минуттан кейін электрик-дизелист тауып алған.

Капитан алғашқы көмек көрсеткенмен, сарбаздың жағдайы тым ауыр болған. Дәрігерлер барлық амалын жасағанмен, Еркебұлан Сағындықтың өмірін сақтап қала алмады.

Қайғылы оқиғаға байланысты Ақтау гарнизонының әскери полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы («Қызметтік міндеттерге салғырт қарау») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Айта кетсек, марқұм Еркебұлан Сағындық 2005 жылы Қызылорда қаласында туған, 2025 жылдың көктемінде әскер қатарына шақырылған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *