Қостанайда науқас мас дәрігер жасаған отадан қайтыс болды - БАҚ
Фотосурет: Freepik.com
Қостанай облыстық ауруханасы нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісінің жасаған отасынан кейін 61 жастағы науқас операция үстелінде қаза тапқан. Үкіметте өткен брифингте журналист науқастың Арқалық қаласында қайтыс болғанын жеткізді. Оның айтуынша, дәрігер отаны масаң халде жасаған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі «Қостанай жаңалықтары» басылымына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, операция үстелінде 61 жастағы науқас қаза тапқан.

Баласы әкесінің қайтыс болғанын операция бөлмесіне кіргенде денені жаймаға орап жатқаннан байқаған. Марқұмның туыстары дәрігерді аурухана аумағында тоқтатып алған. Қызының айтуынша, олар шақыртқан полиция дәрігерді медициналық тексеруге алып кеткен. Онда хирургтің мас болғаны анықталды, - деп жазды басылым.
Ал Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанай облысында ота кезінде науқастың қайтыс болуына қатысты пікір білдіріп, полицияның нақты мәлімет бермей отырғанын алға тартты.

Ол жерде фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Облыстық полиция департаментінде тиісті іс қозғалды. Тергеу қорытындысы бойынша түсінік береміз. Полиция департаменті нақты мәлімет бермей отыр, бірақ біз өз тарапымыздан маман тағайындадық, - деді Ақмарал Әлназарова.
Пікірлер (0)