Ақтөбелік емші 136 адамға 579 млн теңге несие рәсімдетіп алған

Жаңалықтар
view 79
news

Фотосурет: kapital.kz

Ақтөбе қаласының №2 соты емші Сұлушаш Қазбаеваға үкім шығарып, оны 136 жәбірленушіге қатысты алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Әйел биыл қаңтарда ұсталған. Бұған дейін оның өзіне жүгінген адамдарды «ізгі мақсаттар үшін» несие алуға көндіргені белгілі болған.

Сотталушы мешіт пен медициналық орталық салу, сондай-ақ кәмелетке толмаған баласын шетелде емдету және өз «емшілік ісін дамыту» сылтауымен әртүрлі банктерден өз пациенттерінің атына несие рәсімдетіп, алынған ақшаны қайтаруға ниетті болмаған,  делінген сот хабарламасында.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 579 млн теңге.

Сот барысында Қазбаева өз кінәсін мойындамаған. Прокурор оған 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұрап, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандыруды талап етті. Сот мемлекеттік айыптаумен келісе отырып, Қазбаеваға 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, азаматтық талаптарды ішінара қанағаттандырды.

Емші жазасын 2 жылдан кейін өтей бастайды. Ол кезде оның баласы 14 жасқа толады.

Үкім әзір заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *