Айдарлы ауылында су құбыры қолданысқа берілді

Жаңалықтар
view 29
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Зеренді ауданына қарасты Айдарлы ауылында су құбыры қолданысқа беріліп, ауыл тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді, деп хабарлайды janabastau.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қуанышты жаңалықты тұрғындар көптен күткен. Қазіргі уақытта, ауылдағы 320 тұрғынның 76 үйі таза сумен қамтамасыз етілді.

Айдарлы ауылындағы су құбырының іске қосылуы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы сәйкес ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бағдарлама шеңберінде ел бойынша көптеген ауылдарға таза ауыз су жеткізіліп жатыр. Айдарлы ауылы да осы тізімге енген. Су тазартқыш құрылғысы КБН жүйесі бойынша орнатылып, тұрғындар тексерілген, сапалы ауыз суға қол жеткізіп отыр.

Құрылыс жұмыстарының нәтижесінде ауылға су құбырының жалпы ұзындығы 7812 метрді құрайтын жүйе жүргізілді. Оның ішінде 2181 метр су құбыры және 4006 метр елді мекен ішіндегі су тарату желілері орнатылды. Су көзі ретінде жұмыс істейтін және резервтік скважиналардан алынған су пайдаланылып, екі насос станциясы мен 50 м³ көлемінде су жинақтайтын су мұнарасы құрылды.

Айдарлы ауылының тұрғындары су сапасының айтарлықтай жақсарғанын айтуда. Әр үйде таза ауыз су пайдалануға мүмкіндік туғаны ауыл тұрғындары үшін үлкен жаңалық болды. Бұл құрылғының орнатылуы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Серік Исаханов аудан бойынша су сапасын өз бақылауында ұстап, тұрғын үйлердің жағдайын тексеріп шықты. Оның айтуынша, Айдарлы ауылындағы су жүйесінің сапасы толықтай талапқа сай және ауыл халқы үшін маңызды әлеуметтік мәселе шешілді.

Ауыл тұрғындары мұндай өзгерістерді ұзақ күткенін, енді таза суға қол жеткізгендерін айтып, қуаныштарын білдіруде.

Бұл жоба келесі жылы да жалғасын табады деп жоспарлануда. Басқа да ауылдарда су құбырлары орнатылып, халық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *