Әйелі өзінен 30 жас кіші: Қазақстандық жұп көптің қызу талқысына түсті

Жаңалықтар
view 223
news

Фото: https://www.instagram.com/sunadillaev

Әлеуметтік желіде жас айырмашылығы 30 жас қазақстандық отбасы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ерекше отбасы жайлы журналист Нұрсұлтан Мейірбекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Жазба авторының айтуынша, Омар мен Аида Астанада танысқан, биыл отандасқарына 11 жыл болған, бүгінде 3 бала тәрбиелеп отыр. 

Күйеуі 30 жас үлкен. Бақыт пен махаббат дүние, даңқ, жас пен жоқшылыққа қарамайды. Оған дәлел, осы ерекше отбасы. Жас айырмашылығы 30 жас. 3 тәтті баланың ата-анасы. Омар аға (ата десем ренжіді) мен Аида ханым Астанада кездесіп, танысқан, отандасқандарына биыл 11 жыл. Омар мырза Қостанайға барып, қыздың қолын сұрап, ағайынның рұқсатымен жар еткен. Ешқандай бақытсыз бейне көрмедім, бірақ бір ғана уайымы – баспана. Бірақ, “Басымызда баспана болмаса да, осы күнімізге шүкір” деп отыр. Ата күніне 7000 теңге алатын жұмыс істейді, Аида ханым декреттік демалыста. Сөзіне сенсек, биыл жерлестері жиналып, көктемде үй әпермек ойлары бар екен! Бұйырса сол бақытты сәтті асыға күтейік. Ал, оқырман, бұндай да бақыттың түрі бар екенін біле жүрсеңіздер! Жақсылық тілейік, – деп жазды ол.

Сондай-ақ Омар мырза видеода жас әйел өзін жасартқанын айтады.

Мені жасартып отырған жас бәйбішем. Мен 1966 жылғымын, келіншегім 1996 жылғы. Аида екеуміз бақыттымыз. Үйленгенше менің қан қысымым 180-ге көтерілетін, Аидамен бас қосқалы 120-ға тұрақталды, – дейді Омар.

Ал әйел өзінен 30 жас үлкен күйеуіне өз еркімен шыққанын мойындады.

Өз еркіммен тұрмысқа шықтым, менің көзіме жас жігіттер көрінбейді, тек үлкен ер адамдарды көремін. Қалыңмал, мәһр болмады. Қазір қыздар дүниеге қарайды, үйі мен көлігі болуы керек деп талап қояды. Бірақ маған ешнәрсе қызық болмады, тек жолдасыммен бақытты болсам, болды , – дейді Аида.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *