Әйелін аяусыз өлтіріп, денесін блендермен ұсақтаған

Жаңалықтар
view 369
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Швейцарияда сұлулық байқауының финалисі 38 жастағы Кристина Йоксимович айуандықпен өлтірілді. Бұл туралы New York Post сайты мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 13 ақпанда Кристина мерт болды. Оның денесінің бөліктері Базель қаласында табылды. Сөйтсе оны 41 жастағы күйеуі Томас өлтірген екен. Жұптың екі қызы бар. Психикалық ауытқу мен патологиялық қызғаныш салдарынан Томас әйелін тұншықтырып өлтірген. Ұсталып қалмас үшін ол мәйітті ұсақ бөліктерге бөліп, кейбір бөліктерін блендермен ұсақтап, содан кейін химиялық затпен еріткен. Ер адам полицияға әйелі оған пышақпен шабуылдағандықтан, өзін қорғау үшін өлтірдім деп ақталды, бірақ сараптама бұл нұсқаны жоққа шығарды.

 Сотта Томас суыққанды және эмпатияға қабілетсіз адам деп сипатталды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *