Ақмола облысында 21 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

Жаңалықтар
view 66
news

Ақмола облысында жыл соңына дейін 31 500 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Ол туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингтің барысында Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина хабарлады. Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда 21 400 жаңа жұмыс орны ашылған. Сондай-ақ, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беріледі.

Осылайша, биыл 234,6 млн. теңге сомасына 170 грант бөлінді. Ақмола облысының тұрғындары 141 грант алды. Оның ішінде АӘК алушылар – 10 адам, мүгедектігі бар адамдар – 33, көп балалы отбасылар – 70, қандастар – 2, мүгедек баланы тәрбиелеушілер – 19, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 7.

Сондай-ақ, жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жалпы сомасы 765,5 млн.теңгеге 166 адам шағын кредит алды. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңесті жергілікті әкімдіктерден, мансап орталықтарынан және жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан алуға болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *