Ақмола облысында жеке үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты

Жаңалықтар
view 96
news

Ақмола облысы Ақкөл ауданының Еңбек ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Үйінділер астынан бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды janabastau.kz. «Ақмола облысы Ақкөл ауданының Еңбек ауылында жеке тұрғын үйде 65 шаршы метр алаңда өрт болды. Сағат 08:18-де өрт сөндірілді. Үйіндіні бөлшектеу барысында 1966 жылы туған азаматтың мәйіті табылды», делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің таратқан хабарламасында. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *