Динис Никиша Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды

Жаңалықтар
view 54
news

Бүгін Динис Никиша Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды janabastau.kz. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұлттық құрама көшбасшысы 500 метрге жарыстың финалында тек Олимпиаданың 3 дүркін жүлдегері Стивен Дюбуаға (Канада) есе жіберді. Үздік үштікті Польша спортшысы Михал Невински түйіндеді. Осымен Гданьск қаласындағы кезең мәресіне жетті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *