Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс берді

Жаңалықтар
view 54
news

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы №1 орта мектеп гимназиясындағы №8 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дауыс берді, деп хабарлайды janabastau.kz Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бүгін Отанымыз үшін Қазақстан үшін өте маңызды тарихи күн. Ел, халқымыз өзінің таңдауын жасап келесі жеті жылға Мемлекет басшысын сайлап жатыр. Біздің өңірдің барлық 717 сайлау учаскелерінде белсенділік өте жоғары. Бұл біздің еліміздің болашағы біздің жерлестерімізге өте маңызды екенін көрсетеді. Сондықтан абырой, сәттілік тілейміз. Ақмола облысы мен біздің еліміз өркендей берсін», - деді Ермек Маржықпаев. Айта кетейік, бүгін сайлау учаскелері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін ашық. 571 031 ақмолалықтардың дауыс беру құқығы бар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *