Ақмола облысының үздік эко-жобалары анықталды

Жаңалықтар
view 46
news

Өскелең ұрпақтың экологиялық білімін жақсарту мақсатында облыс орталығында экологиялық жобалар көрмесі өтті. Қатысушылардың бірі экологиялық қалдықтарды өңдеп, қажетті бұйымдар жасап таңғалдырса, енді біреулері табиғат тазалығын сақтап қалу мақсатында ашқан жаңашыл технолгияларын халық назарына ұсынды. Байқауға қатысушылар марапаталып, қаржылай сыйлықты қанжығаларына байлады. «Көрмеге Ақмола облысының оқушылары мен студенттері қатысып жатыр. 60-тан астам өтінім қабылданды. Бастапқыда біз үш жүлделі орын болады деп болжадық, бірақ жобаларды қарау барысында жеңімпаздарды анықтау өте қиын екенін түсіндік. Нәтижесінде бізде бір бірінші, екі екінші және 7 үшінші орын бар. Барлығы 10 жеңімпаз. Жалпы жүлде қоры-750 мың теңге», – дейді «Kazakhstan Innovations» ҚҚ төрағасы Мариям Әбішева. Ұйымдастырушы атап өткендей, барлық дерлік жобалар техникалық тұрғыдан өте күрделі және жақсы ойластырылған. Бұған мектептерде экология сабақтары оқытыла бастағаны, материалдық-техникалық жабдықталудын жақсарғаны серпін берді. Қатысушылардың бірі – Екатерина Городецкая, Бурабай кентінің Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы. Ол бір реттік медициналық маскаларды қауіпсіз жою тәсілдерін зерттеу арқылы халықты қызықтыра білді. Бірқатар эксперименттер мен зерттеулердің арқасында бетперде бірер минут ішінде қандай химиялық затта еритінін анықтаған. Туған жерінің ауасының жылдан жылға ластанып бара жатқанын көрген атбасарлық Артем Каблуков «қазандықтар – экология мен адам денсаулығына негізгі зиян көзі» жобасын қолға алған. «Қазіргі уақытта қалада қоқыс деңгейін анықтайтын бір ғана датчик қалды, қалғандары істен шықан. Мен өз сүзгімді жасап, қоқыс деңгейін қалай азайтуға болатынын тексеріп көруді шештім. Мен шаңсорғыштың қозғалтқышын құрылғымның негізі ретінде алдым, оған сүзгіні енгізіп, ішіне қоқыс құйдым. Осы сүзгі лас ауаны сіңіріп алады. Жиналған ауаның тазалық деңгейін анықтау үшін, өзім ауа сапасын өлшейтін құралын жасадым. Оны орнатқаннан кейін қалдықтар үш есе азайып, қара ауа мөлдір ауаға айналды», – дейді Артем. Назарбаев зияткерлік мекебінің шәкірттері Расул Мейрам мен Мадина Абатова «ауыл шаруашылығы алқаптарын мониторингілеу» жобасын әзірледі. Балалар биологияны информатикамен біріктіріп, алгоритмі бар код жасады, дронға орнатылған камералардың көмегімен арамшөптерді анықтауға болады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. «Бірінші орынды «теміржол дірілінен энергия генерациялау құрылғысы» жобасы еншіледі. Жобаның өзі техникалық жағынан аса күрделі. Мектеп оқушысы жасаған осынау үлкен жаңашылдыққа таңғалмау мүмкін емес. Кез – келген заттың дірілінен шығатын энергияны зерттеп, осы жобаны одан әрі дамытуға болады деген үлкен перспективалар бар», – деп атап өтті Мариям Әбішева. Жобаның авторы-Көкшетау қаласының NIS оқушысы Кәрім Диасәлі. Мариям Әбішеваның айтуынша, электронды және баспа нұсқасында Ақмола облысының экологиялық жобаларының жинағын жасау жоспарланып отыр. Ал облыстың ірі кәсіпкерлерінің тарпынан қатысушыларға қолдау көрсетілсе дейді жоба ұйымдастырушылары.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *