Алдағы күндері -35 градусқа дейін аяз болады

Жаңалықтар
view 31
news

Фото: freepik.com

Алдағы үш тәулікте ел аумағында ауа райы күрт құбылып, -35 градус аяз күтіледі. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Әсіресе, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде қалың қар түсуі ықтимал.

Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады, ал еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында қалың қар күтіледі. Батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болжанады, ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты қар жауады. Ел аумағында тұман, көктайғақ, сондай-ақ желдің күшеюі күтіледі, - делінген хабарламада.

Температуралық фон да айтарлықтай өзгермек. Солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы 0–5 градустан 18–30 градус аязға дейін төмендейді. Ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты суық күтіліп, ауа температурасы 33–35 градусқа дейін аязға жетуі мүмкін. Елдің қалған бөлігінде температура айтарлықтай өзгермейді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *